aspan

ҚАЗАҚСТАН ИРАН ХАЛҚЫНА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетыбаев мәлімдеме жасады.
“Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза табуына байланысты Иран халқына терең көңіл айтамыз.

Қазақстан Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын, өзара достық пен жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып отырған араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қақтығыс жағдайында азаматтық нысандар мен бейбіт тұрғындарды ерекше қорғауды талап етеді.

Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын мүлтіксіз сақтай отырып реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтіндігін растайды.

Өңірде зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тартылған тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз”, — делінген хабарламада.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2026 ЖЫЛҒЫ 1 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ТАҢДАУ ҚАЖЕТ

Aspan info

Қыз зорлаған Талдықорған полициясы бастығының ісі қайта қаралды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР: ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Пікір қалдырыңыз