aspan

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛМАҒАН БАЛАЛАР УАҚЫТША САБАҚТАН ШЕТТЕТІЛУІ МҮМКІН

Қызылша ауруының таралуы күшейгендіктен, елде қосымша алдын алу шаралары енгізілуде. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Жаңа талаптарға сәйкес, мектептер мен балабақшаларда күнделікті таңғы медициналық бақылау жүргізіледі. Оқушылар, педагогтер және тәрбиешілер жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен қызылша белгілерінің бар-жоғына тексеріледі.

Сондай-ақ, қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін білім беру ұйымдарынан уақытша шеттетілуі ықтимал.

Сіз балаңызға қызылшаға қарсы вакцина салдырдыңыз ба?

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ВАШИНГТОНҒА САПАРМЕН БАРДЫ

Пікір қалдырыңыз