aspan

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕГДЕ ӘЙЕЛДІ ОН ШАҚТЫ ИТ ТАЛАП ТАСТАҒАН

52 жастағы әйелді талаған иттер бір үйдікі екен
Оқиға Қарасай ауданыны қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Қайта көршілері байқап қалып, көмектескен
Бірден жедел жәрдем шақырып, қансыраған келіншекті аудандық ауруханаға жеткізген. Үсті-басының сау тамтығы қалмапты.
«Науқаста басының маңдай тұсында және аяқ-қолында көптеген тістелген жарақаттар анықталды. Дәрігерлер тарапынан науқасқа алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда. Ол травматалогия бөліміне жатқызылып, тиісті ем қабылдауда», – дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Куәгерлердің айтуынша, 52 жастағы әйелді талаған иттер бір үйдікі екен. Алдын ала мәлімет бойынша, көршісі үйінде 30-ға тарта ит ұстайды екен. Қазір полиция іс қозғап, тергеуді бастады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕГІ 21 ЖАСТАҒЫ НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІ ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Aspan info

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз