aspan

ҚАР КӨЛІГІ АҒАШҚА СОҒЫЛЫП, 24 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ КОМАҒА ТҮСТІ

Ақмола облысында дәрігерлер Бурабай курортында қар көлігі (снегоход) апатынан ауыр жараланған 24 жастағы қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. Науқастың жағдайы аса ауыр, ол жансақтау бөлімінде комада жатыр.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға Бурабай курортында болған. Қар көлігі (снегоход) жоғары жылдамдықпен ағашқа соғылып, 24 жастағы қыз ауыр жарақат алған.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас бас сүйегі мен бет сүйектерінің сынуы, жабық бас-ми жарақаты және травматикалық шок секілді көптеген ауыр жарақат алған.
«Облыстық нейрохирургтер мен бейінді мамандар қатысқан консилиум жарақаттардың ауырлығына байланысты әзірге операция жасау мүмкін емес деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта кез келген хирургиялық араласу науқас үшін аса қауіпті», — делінген басқарманың хабарламасында.
Дәрігерлер артериялық қысымды уақытша тұрақтандырғанымен, болжам әлі де қолайсыз. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр, комадан шыққан жоқ.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы квадроциклдер мен қар көліктерін жалға беру орындарын тексере бастады.
Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы, клиенттерге нұсқаулық берілуі және техниканың техникалық жағдайы анықталмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘМБЕБАП ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КЕШЕНДЕРІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МАРДАН САПАРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХХI ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «RESPUBLICA ASYQ ATU» ТУРНИРІ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз