aspan

ЖЕРЛЕНГЕН ӘЙЕЛ БІР АЙ ӨТКЕН СОҢ ҮЙІНЕ ТІРІ ОРАЛДЫ

Жамбыл облысында өлді деп танылып, жерленген әйел бір айдан соң үйіне аман-есен оралған.
Белгілі болғандай, талап қоюшының 1953 жылы туған анасы 2024 жылдың тамызында Тараз қаласына әпкесінің үйіне көшіп келген.
2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін ол жоғалып кеткен. Содан кейін анасының әпкесі полицияға арызданған.
2025 жылдың тамызында ауыл маңындағы даладан мәйіт табылып, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған. Табылған мәйітті талап қоюшы мен оның ұлы жоғалған адам ретінде таныған. Осыдан кейін өлім туралы актілік жазба тіркеліп, өлім туралы куәлік берілген.
Бір айдан соң 2025 жылдың қыркүйегінде, талап қоюшының анасы күтпеген жерден Жамбыл ауданы, Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген.
Талап қоюшы анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Әйелдің өзі Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына кетіп, сол жерде үй иесінің қасында тұрып, пияз жинау жұмысына орналасқанын түсіндірген. Кейінірек зейнетақы төлемдері тоқтатылған кезде, ол Таразға келіп, өзінің қайтыс болғандар тізіміне енгенін білген. Талап қоюшы анасының туыстарына немесе басқа жақтарға ұзақ уақытқа кетіп қалатын әдеті бар екенін атап өткен.
Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің басқа адамдікі екенін анықтады. Полиция эксгумация жұмыстарын жүргізіп, қайтадан сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындады, нәтижесінде қайтыс болған адамның жеке басы нақтыланды. Өлім фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, — деп хабарлады Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі.
Сот шешімімен талап қоюшының арызы қанағаттандырылды. Өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылып, өлім туралы актілік жазбаның күші жойылды.
Шешім заңды күшіне енді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте прошла встреча представителей бизнеса и министерства экономики

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

НИПАХ ВИРУСЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АСХАТ ХАСЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз