aspan

ТЕК СҮЙЕГІН СЫНДЫРСА ЖАЗАЛАНАДЫ

Ауғанстанда Талибан билігі жаңа Қылмыстық кодексті ресми түрде қабылдады. Алайда бұл адам құқықтары ұйымдары мен халықаралық қауымдастықтың шамына тиді. Бұл туралы The Sunday Guardian басылымы хабарлайды.
Сарапшылар құжаттың бірнеше ережесі тұрмыстық зорлық-зомбылықты заңдастыратынын және әйелдер мен балалардың негізгі құқықтарын айтарлықтай шектейтінін ескертеді.
Әйелге келтірілген жарақат үшін жаза жеңіл қылмыстарға қарағанда айтарлықтай аз болуы мүмкін.
Жұбайларға қатысты зорлық-зомбылықты қарастыратын 32-бап ерекше наразылық тудырды. Әйелінің сүйегін сындыру, көрінетін жара не көгертіп ұрғанын әйел дәлелдесе, күйеуі 15 тәулікке бас бостандығынан айырылу жазасын алады.
Кодекс әлеуметтік бақылауды, патриархатты және идеологиялық қысымды жеке құқықтардан жоғары қояды деген сынға қалды.
Діннен «тайғандарға» да қатал шаралар қолданылады. 58-бапқа сәйкес, исламнан бас тартқан әйелдер өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тәубе етіп, исламға оралғанша әр үш күн сайын 10 дүре соғуға жазалануы мүмкін. Ал діннен безген ер адамдарға басқаша тәсіл қолданылады. Ханафи заңы бойынша, оларға өлім жазасына кесілмес бұрын тәубе етуге үш күнге дейін уақыт беріледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Aspan info

Қазаққа тіл тигізген қарағандылық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТӘРКІЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз