aspan

ШЫМКЕНТ: ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қалалық №2 аурухананың перзентханасында үшем дүниеге келді. 31 жастағы Гүлбағира Өтемісқызы дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелген.
6 қаңтар күні мерзімінен бұрын туған сәбилер үш тәулік бойы реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде ем-дом мен күтімін жалғастырды.
Дәрігерлердің мәліметі бойынша, үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі таңда салмақтары 2 келіден асты.
Айта кетейік, бұл отбасыда бұған дейін 4 бала бар. Анасы – декреттік демалыста, ал әкесі құрылыс саласында еңбек етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЫРАУДА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ КӨПІРДЕН ӨЗЕНГЕ СЕКІРІП КЕТТІ

Aspan info

ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАЛАР ТОЛЫҚ СПОРТТЫҚ КИІММЕН ҚАМТЫЛУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз