aspan

КЕЛІНІН ЗОРЛАҒАНЫ ҮШІН СОТ ШЕШІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ақтөбе облысының соты өгей ұлының 22 жасар әйелін зорлағаны үшін 53 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Aspan info «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың 7 қарашасы Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабаландыру тараған еді.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 22 жастағы келіншек күйеуінің өгей әкесінен «зорлық көрдім» деп шағым түсірген. Қайын атасы мас күйде келінінің үйде жалғыз екенін пайдаланған.
Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынған еді. Күдікті – енесінің 53 жастағы күйеуі. Енесі бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрған.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда, сот оның ұлының әйеліне қиянат жасағанын растап, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

6 ЗАҢ ҚАБЫЛДАНЫП, 10 ЗАҢ ЖҰМЫСҚА АЛЫНДЫ: ЕРЛАН ҚАРИН БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ НӘТИЖЕСІНЕ ТОҚТАЛДЫ

Aspan info

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТТЕ БОЙЖЕТКЕННІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ БАС ПРОКУРАТУРАҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз