aspan

ТАРАЗДА БАЛАСЫН ҰРҒАН ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІ БАЛАЛАРДЫ ҚАМҚОРЫНА АЛУҒА ТЫРЫСЫП ЖҮР

Таразда баласын аяусыз ұрып, күйеуінен кегін алмақ болған әйелдің психологиялық жай-күйі тексеріліп жатыр. Ал оның бұрынғы күйеуі балаларды өз қамқорына алу үшін балалар үйінің маңын торуылдап жүр, деп хабарлайды Aspan info КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.
26жастағы Қордай ауданының тұрғыны балаларды алу үшін «барымды саламын» деп бекініп отыр. Алайда қорғаншы орган балалардың әке-шешесі заңды некеде болмағандықтан, бөгде адамға берілмейді дейді. Сондай-ақ ол екінші балаға әке құқығын алмаған көрінеді. Енді Айдар Мамыт өзін екі баланың әкесі екенін дәлелдеуі тиіс. Ол үшін құжаттарын құнттап, ДНК сараптамасын жасамақ. Сосын бұл мәліметтер бала құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Еске салсақ, өткен аптада 19 жастағы әйелдің өз балаларын ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын. Жұртшылықты шошытқан оқиғадан кейін безбүйрек әйел қамауға алынды. Айдар Мамыт: — Маған бала керек, баланы әрқашан бірінші орынға қоямын. Қазір баламның әкесі екенімді дәлелдеу үшін жүгіремін. ЗАГС-ке барамын, сотқа барамын. Қолымнан келгенше, соңғы демім қалғанша, бала-шағам үшін барына дайынмын. Қазір көбісі үлкен қыз қызыңыз емес, не үшін алайын деп жатырсыз дейді. Айтады ғой, қазақта бала тапқандікі емес, баққандікі дейді. Мен екеуін де жақсы көремін, екеуін бөлмеймін.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Туристская отрасль в Казахстане: динамика, инвестиции и Neo Nomad Visa

БИЫЛ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

МЕКТЕПТЕРДЕ ОРЫН ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУ МАҚСАТЫНДА 6 ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Пікір қалдырыңыз