aspan

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН ОТБАСЫНЫҢ ІСІ: КІСІ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІНІҢ БАЛАЛАРЫ МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛЫНДЫ

Атырау облысында жоғалып, кейін қаза тапқаны анықталған отбасы ісі бойынша кісі өлтіруге күдіктінің бес кәмелетке толмаған баласы қауіпсіздік мақсатында мемлекет қамқорлығына алынды.
Полиция Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтірді деген күдіктіні іздестіріп жатқан уақытта, оның бес кәмелетке толмаған баласы уақытша мемлекеттік мекемелерге орналастырылды. Бұл шара балалардың қауіпсіздігі мен күтімін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
«2026 жылғы 2 ақпанда полиция департаментінен бес кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы хат келіп түсті. Соған байланысты олар уақытша мемлекет қамқорлығына алынды», – деп хабарлады білім басқармасы.
Аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның шешімімен үш бала уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал бір және үш жастағы екі бала мамандандырылған сәбилер үйіне жіберілді.
«Балалардың жағдайы толық бақылауда, уәкілетті органдар олардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіледі», – деп сендірді жауапты мекемелер.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2025 ЖЫЛДЫ МОЛ ТАБЫСПЕН АЯҚТАДЫҚ — ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ЖЕТЕКШІ ХИРУРГТАРЫ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУЫР АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау мәселелері талқыланды

Пікір қалдырыңыз