aspan

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕР АДАМ ӘЙЕЛІ МЕН ҮШ ЖАСАР БАЛАСЫН АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» арнасына медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен.
Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видеода шырылдап жатқан үш жасар баланың денесі көгеріп кеткен.
Бұл дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы бақылауда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз