aspan

АСАР-2 МЕН ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНДАРЫНДА 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтарға пәтер табыстаудың кезекті кезеңі өтті. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында Асар-2 және Тұран шағынаудандарындағы жаңа пәтерлер 30 отбасына берілді.
Айта кету керек, тұрғын үй қоры қалалық коммуналдық резерв есебінен қалыптастырылған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған. Пәтер кілтін алған тұрғындар тізімінде мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен тұлғалар бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы тұрғын үй секторын жүйелі түрде жаңарту және қолжетімді баспана қорын кезең-кезеңімен кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударды.
Атап өту қажет, нысандарды іріктеу және табыстау рәсімдері белгіленген талаптар мен қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес түрде жүзеге асырылуда. Жаңа үйлерді беру кезектілікті азайтуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және қала тұрғындарына қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға ықпал етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Шымкентте бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты – Olimpbet-тің бірінші кезеңі өтті

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА

Пікір қалдырыңыз