aspan

ШЫМКЕНТТЕ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы зор ірі жоба – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды. Болашақ нысанның орнында символикалық капсула салу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Іс-шара барысында мегаполис басшысы инклюзивті спорт инфрақұрылымын дамытудың және қала тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Бұл кешен спорт нысаны ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін мүмкіндіктер кеңістігіне айналады. Біздің міндетіміз – қолжетімді орта қалыптастырып, белсенді өмір салтын ұстануды қолдау және Шымкент пен еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен қорғайтын спортшыларды даярлауға жағдай жасау», – деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков.
Нысан аумағында футбол алаңы, екі әмбебап спорт залы, жекпе-жек спорт түрлеріне, спорттық билерге, үстел ойындарына, армрестлинг пен пауэрлифтингке арналған арнайы залдар, сондай-ақ, жүзу бассейні мен автотұрақ қарастырылған.
Сонымен қатар, жоба аясында воркаут алаңы, жүгіру және велосипед жолақтары болады. Бұл кешен аумағын жаттығулар мен белсенді демалысқа арналған көпфункционалды кеңістік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, инклюзивті спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа спорт кешені өңірдегі бейімделген жетекші спорт орталықтарының біріне айналады деп күтілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС ТОБЫМЕН БІРГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Aspan info

ҚАЛАДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН

Пікір қалдырыңыз