aspan

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАЗАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады
2026 жылғы 20 қаңтарда «Ордабасы» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған заманауи, көпфункционалды жаңа спорттық базасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған нысан кәсіби футболшыларды ғана емес, жасөспірімдер мен болашақ чемпиондарды даярлауға бағытталған, өңір спорты үшін стратегиялық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жоба болып саналады.
Салтанатты шараға қала әкімі, спорт саласының білікті мамандары, қоғам қайраткерлері және спорт жанашырлары қатысып, жаңа базаның қаладағы бұқаралық және кәсіби спортты дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Қатысушылар спорттың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызын, сондай-ақ жас ұрпақтың жүйелі түрде спортпен шұғылдануына кең мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Жалпы аумағы 6086 шаршы метрді құрайтын спорттық база табиғи және жасанды көгалмен жабдықталған екі футбол алаңымен, екі заманауи жаттығу залымен, байдарка және каноэ спорт түрлеріне арналған арнайы секциялармен қамтылған. Сонымен қатар, толық жабдықталған медициналық пункт, массаж кабинеті, асхана, қызметкерлер мен бапкерлерге арналған кеңселер, автономды жылыту, орталықтандырылған су жүйесі және тиімді желдету жүйелері қарастырылған. Спортшылардың жайлылығы үшін 60 орындық қонақүй кешені де заманауи талаптарға сай жабдықталған. Кешен аумағында оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткізуге барлық жағдай жасалған. Ғимараттар толық жаңартылып, электр, су, жылу және желдету желілері қайта орнатылды. Аумақты абаттандыру аясында табиғи және жасанды жабындысы бар жаңа футбол алаңдары салынды, элингке апаратын жолдар асфальтталып, жағалау аймағы бетонмен бекітілді.
Қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл жоба спортшыларды республикалық және халықаралық жарыстарға сапалы даярлауға мүмкіндік беріп, Шымкент қаласының спорттық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Жаңа база алдағы уақытта өңірдің ғана емес, елдің спорттық дамуына серпін беретін, дарынды жастарды тәрбиелейтін маңызды орталыққа айналмақ

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗ БЕН НАЗГҮЛДІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ БАСҚА БАЛАЛАРДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

Aspan info

РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ КАРАТАУСКОГО РАЙОНА

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА «ФОСФОРШЫЛАР МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз