aspan

ШЫМКЕНТТЕГІ ТӨБЕЛЕСТЕ ҚАЗА ТАПҚАН ЖІГІТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНІҢ ҰЛЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

20 қаңтар күні Шымкент қаласының қақ ортасында болған жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды.
Қайғылы оқиғада қаза тапқан азаматтың грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, белгілі бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды.
Атышулы оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жағдай қазақстандықтарды есеңгіретіп, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ер адамдардың бір-біріне пышақ оқтаған сәттері анық көрінеді.
Қанды қақтығыстан екі адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапқаны расталды.
Қаза тапқан азамат грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегерінің ұлы 40 жастағы Василий Колесников екені анықталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ: ҚЫЗЫЛОРДА ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ МӘН- МАҢЫЗЫ АЙРЫҚША.

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН

Aspan info

Туристская отрасль в Казахстане: динамика, инвестиции и Neo Nomad Visa

Пікір қалдырыңыз