aspan

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ПЛАНШЕТТІК УДЗ АППАРАТТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар заманауи планшеттік ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен қамтамасыз етілді. Бұл бастама медициналық көмектің сапасын арттыруға, диагностика үдерісін жеделдетуге және цифрландыруды дамытуға бағытталған.
Қалалық №№ 1,5 және 8 емханаларға, қалалық №№ 1 және 2 ауруханаларға, жұқпалы аурулар ауруханасына, онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханаға жалпы 13 дана аппарат беріліп отыр.
Планшеттік УДЗ аппараты – портативті әрі әмбебап құрылғы. Қалтаға сыйып кететін құрылғының ықшамдылығы науқастарды қабылдау, жан сақтау бөлімдері мен операциялық залдарда, анестезия кезінде жедел қолдануға мүмкіндік береді. Ауыр халдегі науқасты тасымалдамай-ақ, төсегінің жанында зерттеу жүргізіп, диагностика уақытын айтарлықтай қысқартуға қолайлы.
Жаңа аппараттың көмегімен ішкі ағзалардың барлығын, қан тамырларын және жұмсақ тіндерді жоғары дәлдікпен зерттеуге болады. Сонымен қатар, көзді диагностикалау мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл дәрігерлерге әртүрлі клиникалық жағдайларда нақты әрі жедел шешім қабылдауға жол ашады. Сондай-ақ, құрылғыны пайдалану арқылы мамандар басқа медициналық ұйымдарға қашықтықтан кеңес беріп, шұғыл диагностика жүргізе алады.
Бұл құрылғылар медициналық мәліметтерді цифрландыру барысында да қолайды. Мұндай шаралар – мегаполистегі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНЕН AVTOBYS ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Пікір қалдырыңыз