aspan

ТАҒЫ ӘЙЕЛ ӨЛІМІ: «РЫСҚҰЛОВ АУЫДЫНДА КҮЙЕУІ ӘЙЕЛІН 5 ЖАСАР ҚЫЗЫНЫҢ КӨЗІНШЕ ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ»

Алматы облысының Талғар ауданында азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, ерлі-зайыптылар арасында шыққан жанжал төбелеске ұласып, соңы ауыр қылмыспен аяқталған. Күдікті әйелді екі рет пышақтап жаралаған.

Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Ең сорақысы, оқиға кезінде марқұмның 5 жасар қызы да үйде болған. Жәбірленушіні туыстары жарақаты таңылған күйде тауып алған. Олар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні сол мезетте қолға түсірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аяқталған соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ғылыми әлеуетті нығайтатын қадам

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ «ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР» ФОРУМЫ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз