aspan

ЕҢБЕКШІ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ АУДАНДАРЫНДА МЕРЕКЕЛІК БЕЗЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесіне дайындық аясында Еңбекші және Қаратау аудандарында ауқымды мерекелік безендіру жұмыстары ұйымдастыру жоспарлануда.

Еңбекші ауданында жаңа жылдық шараларға 25,5 млн теңге қаралған. Мердігер мекеме – «Жан-Мейір» ЖШС. Ауданның басты шыршасы «Алатау» саябағына, сондай-ақ аудан орталығындағы екі басқа нүктеге кіші сәулеттік пішіндер орнатылмақ. «Қазақстан-Түркия достығы» және «Жеңіс» саябақтарына мерекелік элементтер орналастырылып, бұрынғы 16 элементке қосымша 37 жаңа элемент (оның ішінде 18 метрлік бір шырша және 36 МАФ) қосылады. Жалпы, аудан аумағында 53 жаңа жылдық элемент орнатылмақ. 21 желтоқсан күні сағат 18:00-де «Алатау» саябағында басты шыршаның шамын жағу салтанаты өтеді деп жоспарлануда. Мерекелік бағдарламаға аяз ата мен ақшақар, сондай-ақ 10 аниматор қатысады. Сонымен қатар, Елшібек батыр, Ш. Уалиханов және Сайрам көшелеріндегі ағаштар мен аркаларға мерекелік безендіру жүргізілмек, сондай-ақ аудан аумағындағы 30 ірі коммерциялық нысан өз қаражатына ғимараттарын безендіру жоспарланған. 26 желтоқсанда «Оқушылар сарайында» аз қамтылған отбасылардан шыққан 300 бастауыш сынып оқушысына арналған концерттік бағдарлама мен сыйлықтар тарату көзделген.

Қаратау ауданында мерекелік безендіруге 24 504 187 теңге қаралған. Ауданның орталық көшелері мен елдімекендерінде шыршалар, жасанды инсталляциялар және МАФ элементтері орнатылмақ. Мысалы, Шаяхметов көшесі бойы, Назарбеков/Байтереков қиылысы, әкімшілік ғимараттар мен іскерлік орталықтар безендіріліп, Байтереков, Арғынбеков, Шаяхметов және Астана көшелеріндегі жасыл желектер мерекелік элементтермен толықтырылмақ. Сонымен қатар, аудан аумағында Тәуелсіздік күніне орай 200 жалауша ілу жоспарланған.

Шымкент қаласында Еңбекші және Қаратау аудандары жаңа жылдық мерекені жоғары деңгейде атап өтуге дайындық жүргізіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруға ниетті.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТТІ

Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында

35748 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖӨНДЕУ РОТАСЫ ТАКТИКАЛЫҚ-АРНАЙЫ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Пікір қалдырыңыз