aspan

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Польшаның «Fabe-Agro» компаниясының басшылығымен бірге құны 137 миллион АҚШ долларлық жылыжай кешені құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсіміне қатысты.

Шымкенттің Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы алаңы – 144 гектар. Қазіргі таңда қажет инфрақұрылым желісін жеткізу жұмысы басталып кеткен. Бұл кешен қаланың ең ірі агроөнеркәсіп нысандарының біріне айналмақ. Жоба іске қосылғаннан кейін мұнда жылына 36 мың тонна көкөніс өнімі өндіріледі және мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Мегаполис басшысы бұл жобаның Шымкенттің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына маңызды үлес қосатынын және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтатынын атап өтті. Қала әкімі, сонымен қатар, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашатын инвесторларды қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, заманауи жылыжай технологияларын енгізу өнімділікті едәуір арттырып, өнім сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде бағаның тұрақталуына және тұрғындарға балғын, сапалы көкөністі жеткізуге жағдай жасайды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеге астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

Жұмысшы мамандықтар жылы: 17 наурызда «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы басталады

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕРЕКЕСІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз