aspan

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БҰЗЫЛДЫ

Келес ауданында жыл басынан бері заңсыз салынған 9 нысан анықталып, олардың иелеріне тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Солардың ішінде бір нысан сот шешімімен бұзылды. Жалпы өндірілген айыппұл сомасы – 7 392 000 теңге. Бұл шаралар тұрғындарға заң талаптарын сақтау қажеттігін көрсетіп, құжатсыз құрылысқа жол бермеуге бағытталған.

 

Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев пен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет‑құрылыс бақылауы басқармасы өкілдерінің қатысуымен заңсыз құрылысқа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар жүйелі бақылауды күшейтуге және тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Заңсыз құрылысқа қарсы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, себебі аудан көлемінде құжатсыз салынған нысандар әлі де кездеседі. Аудан тұрғындарының өтініштері негізінде бірқатар заңсыз құрылыс анықталып, тиісті сот шешімдері шығарылды.

 

Келес аудандық сотының шешімі бойынша, тиісті құрылыс нысандарының иелері айыппұл төлеп, кейбір нысандар бұзуға міндеттелді. Алайда, кейбір жағдайларда сот шешімдері орындалмағандықтан, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 31-бабының талаптарына сәйкес мәжбүрлеп орындау шаралары жүргізілуде.

🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ МАРДАН САПАРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХХI ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ АРТУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз