aspan

ТОРНАДО САЛДАРЫНАН 7 АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық-батысында кемінде 15 торнадо соқты. Құйын жүздеген үйді жайпап, көліктерді қиратып, электр желілерін үзген.

Желдің екпіні сағатына 240 шақырымға жетті. Кейбір жерде жай да түскен. Табиғаттың тосын мінезінен 7 адам ажал құшты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Жараланған тұрғындар да бар. Табиғи апаттан Техас, Арканзас, Теннесси, Кентукки, Индиана және Миссури штаттары зардап шеккен. Сондай-ақ дауыл жауын-шашын әкеліп, соңы тасқынға ұласты. Метеорологтар апта бойы күн райы қолайсыз болады деп болжап отыр. Жалпы бұл елде жылына 800-ге жуық торнадо болады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ НҰРАЙ СЕРІКБАЙ ІСІ: КҮДІКТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Aspan info

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттегі дипломатиялық қызметін аяқтады.

ҰҚК ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІНІҢ СЕРКЕСІ: «КРОПАЛЬ» ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ДЕГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз