aspan

«ЖАҢА ӨМІР» ЖОБАСЫ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жоба аясында бірлескен жұмыс жоспарын бекітіп, меморандумға қол қойды.

 

 

Аталған орталық пен департамент жұмыс жоспарына сәйкес, пробация есебінде тұрған жастарға мамандардың қатысуымен жеке психологиялық қабылдау өткізіп, 20 жасқа көмек көрсетілді. Ал, ақпан айында пробация есебінде тұрған және әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасына көмек көрсетті. Атап айтқанда, жалғыз басты бес баланың анасы Л.Қосанбаева мен үш баланың анасы А.Молдакаримованың отбасына А.Дәуренбековтің демеушілігімен азық-түлік берілді.
Наурыз айында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастарға «Құқықтық сауаттылық және мемлекеттік қолдау» тақырыбы аясында діни экстремизмнің қаупі және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті. Онда Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теологы Нұрдәулет Аманкелді мен Тұран аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары жастарға кеңес айтып, сауалдарына жауап берді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Хабарландыру! «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шықарамыз

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРГЕ БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАЛАЙ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз