aspan

АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025

Бүгін Шымкент қаласында орыс драма театрының алдындағы алаңда «Ауқымды Масленица 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық славян этномәдени бірлестігі және орыс драма театрының ұйымдастыруымен өткен бұл шара барысында Қазақстанда тұратын славян халықтарының салт-дәстүрлері арнайы дайындалған мәдени бағдарлама арқылы көпшілікке ұсынылды. Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қала тұрғындары қатысты.

Масленица мерекесі аясында қалалық славян этномәдени бірлестігі мен басқа да этнос өкілдерінің қатысуымен өткен мәдени шарада дәстүрлі әндері мен билері орындалып, театр ұжымының қатысуымен қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары мен түрлі тағамдардың сатылым көрмесі де өтті.

Масленица — көне славян дәстүрлері мен салттарына негізделген мереке, ол қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мейрамы ретінде танымал. Бұл мейрам сыйластық пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп, достық пен бірлікті нығайтуға және этностар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #АНК30лет

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «КАПИТАЛДЫҢ ЗАҢСЫЗ СЫРТҚА КЕТУІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІМІЗГЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАТЕР ТӨНДІРЕДІ»

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНЕН AVTOBYS ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз