Шымкентте мәдениет басқармасына қарасты 3 нысанға бөлінген қаржылар ұстағанның қолында кеткен сыңайлы. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзі сеніп тапсырған шым шахардың мәдениет саласындағы заң бұзушылықтарды жауапты тұлғалар жасырын қалдырмақ па?
Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы болмақ. Осылай десекте үшінші мегаполистің мәдениетіне деп бөлінген қаржыларға ел арасында жүрген сыбыстарға сүйене отырып тоқталсақ; Шымкент қалашығына бөлінген яғни этноаулға 2,7 млд тенгенің дұрыс игерілмегені былай қойған да, рәсімделген құжаттары да дұрыс емес, ал Шымкент қалалық саяси қуғын — сүргін құрбандары музейіне 300 млн тг және А.С.Пушкин атындағы кітапхананың Модернизациялауға бөлінген қаржы тексеріліп, зерделенбей аяқсыз қалып отырғаны тағы бар. Бөлінген қаражаттар қашанға дейін талан таражға түспек? Сұрауын кім береді? Мәдениет саласындағы былықтарды бір жүйеге келтіреді деп қала әкімі Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы етіп Бауыржан Орынтаевты тағайындаған еді. Бір жылға жуық уақыттан бері қызметте отырған басшы бұл мәселелерді әлі ретке келтірмеді. Осы мәселелер бойынша жауапты органдар тексеріп, халық көкейінде жүрген сауалдардың заң тұрғысында ақ қарасын ажыратып берсе дейміз . Ал бұл мәселе мәселе телеарнаның жіті бақылауында болады.