Ақпарат

Су тасқыны: БҚО-да 90 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы аяқталу үстінде. Құрылыс жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында 90 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 775 жеке тұрғын үйдің 80-і салынып бітті. Сонымен қатар, зардап шеккен отбасыларға екінші нарықтан 1098 үй сатып алынды, 1310 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Елімізде қауіпті ауруды ерте анықтаған дәрігерлер сыйақы алады

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Aspan info

Шымкент-2026: Проблемы стремительного роста и скрытые дефекты южного мегаполиса

Aspan info

Пікір қалдырыңыз