aspan

ЗАҢСЫЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН КӘСІПКЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкентте мемлекет меншігіндегі жерді өздігінен иемденіп, заңсыз құм-тас сатумен айналысып келген пысықай кәсіпкерлерге тосқауыл қойылды. Олар мемлекет қарамағындағы жасыл желек болуы тиіс жерлерді өз еркімен пайдаланып, пайда тауып келген. Арнайы тексеру барысында осындай заңсыз саудамен айналысып келген бірнеше кәсіпкер анықталды.

Дәл осындай заңсыз саудамен айналысып келген белгісіз кәспікер мемлекет меншігіндегі мына орында заңсыз сауда орынына айналдырған. Яғни, мұнда құрылысқа қажетті құм-тастан бөлек шлакаблок өнірдіріп оны сатып келген. Ал, бұл жоғары кернеулі электр қуаты өткен аймақ қолданыстағы заң бойынша қорғалған аумақ болып табылады. Сондықтан жауаптылар кәсіпкердің кәсібі заңсыз дейді.

Қала ішіндегі осындай құрылыс материалдарын сататын орындардың салдарынан мегаполистегі жолдың жағдайы нашарлаған. Себебі сауда орындарына келетін инерциялық материалдар ауыр жүк көгілігімен тасмалданады. Ол аздай жүк көлігінің жүргізушілері қосымша тіркеме тіресе, жолға түсетін салмақ екі есеге дейін артады екен.  Мамандардың айтуынша ауыр салмақтың салдарынан жол жабындыларының ойылып, жарамсыз күйге түседі. Ал, бұл бюждетке барып тұрған шығын дейді.

 Енді заңсыз инерциялық материалдарды сатумен айналысып келген кәсіпкерге бұған дейін де жауаптылар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалған екен. Осылайша заңды белшесінен басып, ескертуді елемеген кәсіпкердің жұмысына тосқауыл қойылды. Яғни, кәсіпкерге инерциялық материалдарын алып кетіп, аталған орынды  апта соңына дейін босатпаса, құрылысқа қажетті материалдар тәркіленетін болады.

Related posts

ЕРТЕҢ БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ АУЫСАМЫЗ! НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді

Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Leave a Comment