Ақпарат

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды: мән-жайы белгілі болды

Алматы облысының әкімдігі туристер мінген автобус апатына қатысты мән-жайды айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, автобус жүргізушісі Аласа асуындағы бұрылыста жолдан шығып кеткен. Автобус шұңқырға құлап, бүйіріне аударылып қалған.

Оқиға орнына Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы барған.

«Автобуста 37 адам болған, олардың барлығы қазақстандық туристер, олар Көлсайға бара жатқан. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кейін автобуста Ресейден келген екі турист болғаны белгілі болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттегі әлеуметтік орталық: тұрғындардың шағымы тексеруді қажет етеді

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Aspan info

Мұрат Әуезов өмірден озды

Пікір қалдырыңыз