Жаңалықтар Қоғам

Жетісуда зейнеткерді ұлы мен келіні аулаға шығарып тастады деп көршілері дабыл қақты

Журналист Жазира Бегалының Facebook-парақшасындағы мәліметке сүйенсек, 64 жастағы зейнеткердің көршілері қарияға көмек беруді сұраған. Істің мән-жайын құзырлы орган қызметкерлері анықтады.

«Полиция қызметкерлері анықтағандай, 64 жастағы ауыл тұрғыны ауызша және жазбаша түсініктеме алу барысында ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін мәлімдеді. Туған баласы мен келіні өзіне жақсы қарайтынын, сонымен қатар жасы үлкен кісі болғандықтан, кіші және үлкен дәретін ұстай алмайтынын жеткізген», — дейді полицейлер.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Оқушы қызды дозадан асып кеткендіктен жедел жәрдем алып кетті»: Алматы әкімдігі ақпаратқа жауап берді

«Ол қағып, тұншыға бастады»: алматылық әйел баласын ұрып-соққанын хабарлады

«Сөздерің әдемі поэзия сияқты», — деп мақтады депутат министрге

Пікір қалдырыңыз