Ақпарат Шымкент

«NOEXTREMISM, NOTERRORISM» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Дін басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының жастары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Noextremism, Noterrorism» акциясы бойынша Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында семинар өтті. Семинарда тағы қандай тақырыптар қозғалды?

Семинарды Исламтанушы, РАТТ мүшесі Ермек Бекбосынов модераторлық жасады. Жастарға арналған арнайы ескертпе бейнероликтерді көрсетті.  Бұл акция қаламызда орналасқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент көпсалалы колледжі мекемелерінде ұйымдастылды.

Семинар барысында 500-ге жуық жасты қамтылды. Мұндай шаралар жастарда экстремизм мен терроризм идеологиясына деген беріктік және жағымсыз қатынасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуда бөгет жасалып жатыр. Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді.

 

Related posts

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ: ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ПЕН ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН ОЯТУ КЕРЕК»

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

Leave a Comment