Түркістан

4 ЖЫЛДА 2,2 ТРЛН. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 857,6 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 190,1%-ға орындалды.

2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 трлн. 133,8 млрд. теңге көлемінде бекітілген. Қазіргі уақытта, 1 тоқсанның қорытындысымен өңірге 132,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 131,0%-ға артты. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, өңірде 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Жобалардың жалпы құны – 2,2 трлн. теңге, 18 263 жұмыс орны ашылады.

Өңірге инвестиция тартуды күшейту мақсатында, өткен жылы Қытай Халық Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту, өндіріс орындарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында іссапарлар ұйымдастырылды. Бірлескен инвестициялық жобалар нақтыланып, жүзеге асыру жұмыстары атқарылуда. Өткен жылдың нәтижелі тәжірибесіне сүйене отырып, биыл шетелдік инвесторлар тарту мақсатында Қытай Халық Республикасына, Түркия Республикасына және Корея Республикасына іссапарлар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді деп күтіліп отыр.

 

Related posts

ТҮРКІСТАН: СОТТАРМЕН ҚАРАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР 25,7 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Leave a Comment