Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Жүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет қонды. Әуежай басшылығы экипажды жылы қабылдауды ұйымдастырды. Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды. Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын. Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет. Шымкенттегі «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны 25,2 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 285 жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта жалпы құны 59 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылды. Aspan.info Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 

Related posts

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА 66-ҒА ЖУЫҚ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ АНЫҚТАЛҒАН

Жоғарғы сотта Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасалды

Қазақстандықтар уақыт белдеулерін өзгерткеннен кейін eGov жүйесінде қартаяды

Leave a Comment