Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМБАҚ ЖЫЛЫНА 300 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ӨСІРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда еліміздің орман қорында 2 миллиардтан астам, ал елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысының жасыл алқап көлемін ұлғайту мақсаты қойылды. Бүгінде Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, көгалдандыру, тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту жұмыстары атқарылып жатыр. Осы ретте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев Ордабасы ауданындағы «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне» арнайы барып, тұқымбақ шаруашылығымен және өндіріліп жатқан көшет түрлерімен танысты.
Тұқымбақ жер учаскелерінде өңірдің жасыл белдеу көлемін ұлғайту мен аудан, қала көшелерін өндірістік нысандарын көгалдандыруға қажетті ағаш-бұта көшеттерін өсіруге арналған. Түркістан облысында жыл сайын жасыл белдеуі мен орман қоры аумақтары ұлғайып келеді. Алдағы уақытта да облыстағы тұқымбақтардың аумағын кеңейту жоспарлануда.
Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-де көшеттердің сұранысы көбейгеніне байланысты тұқымбақ 4 жерде уақытша ұйымдастырылып отыр. Атап айтсақ, Шымкент қаласында 1 га жер, Шымкент орманшылығының Бөржар учаскесінде 2.5 га жер, Ордабасы орманшылығы Темірлан елді мекенінде 5 га, Бөген учаскесінде 3 га жер қаралған. Қазіргі таңда орман тұқымбағында жалпы 20-дан астам түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Аталған аймақта қарағаш, терек, шаған, емен, боз арша, туя, терек, роза, спираль, легустра, шынар секілді өзге де көшеттерді егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Мамандардың айтуынша, жерсінуі мен көнімділігі жоғары екен. Жыл сайын мекеменің тұқымбағында 300 мыңнан аса көшет өсіріледі. Тұқымбақтың жалпы ауданы 12 гектарды құрайды. Бүгінде толық игерілген.
2023 жылы мекемеде орман ағаштарының әртүрлі тұқымдарын жинау 3500 кг жоспарланған. Бүгінгі таңда 3500 кг ұрық жиналды.
Биылғы жылдың көктем айында «Жасыл Түркістан» мекемесін, Ордабасы, Сайрам, Созақ аудандарын көгалдандыруға жалпы 42 мыңнан аса көшет тегін үлестірілді. Бүгінде 18 850 көшет дайын тұр.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Қатты қар жауып, боран соғады: Қазақстанда бүгін, 15 наурызда ауа райы

«Байдың тойында шулаған елді өзіне ұйытып әкетті»: танымал асаба Тамара Асар жайлы естелікпен бөлісті

Leave a Comment