Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда қауіпті инфекцияның таралуы төмендеп кетті — Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық 38 пайызға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдеді, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы екі айда Қазақстанда қызылшамен сырқаттану үштен бірге немесе 38 пайызға төмендеген. Қосымша иммундау шеңберінде вакциналауға жататын адамдардың 92 пайызы егілді.
«Бұл ретте сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда, осыған байланысты ата-аналар өз балаларында қызылшаға қарсы егулердің болуын тексеруі қажет. Вакцинация болмаған жағдайда бекітілген жердегі емханада вакциналауды ұсынамыз «, — деп толықтырды ведомстводан.
Денсаулық сақтау министрлігі қызылша белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас екенін еске салды: дене қызуының көтерілуі; жөтел; аурудың 4-5 күнінде бөртпе пайда болады. Бұл инфекция энцефалит, пневмония және отит сияқты асқынулармен қауiптi. Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы — бұл уақтылы вакциналау. Ол 1 және 6 жастағы балаларға өткізіледі. Бұрын біз Астанада қауіпті инфекция ересектерге «ауысқанын» жазғанбыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СЕНАТОРЛАР ӨҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН БІРГЕ СУДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДУБАЙДА ӨТКЕН БІЛІМ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛ ТУРИСТЕРІНІҢ САНЫ 5 ЕСЕ АРТТЫ

Пікір қалдырыңыз