Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар жалған көмекке қанша ақша берді

Қаржы мониторингі агенттігінен хабарлағандай, 660 мың қазақстандық жалған көмекке ақша аударған, деп хабарлайды Aspan.info Ведомствоның мәліметінше, 138 банк картасы түрлі мақсаттарға күмәнді алымдарға (краудфандинг) тартылған. Алым сомасы 6 миллиард теңгені құрады, оның 33 пайызында (шамамен 2 миллиард) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде қаражатты ұжымдық жинаудың әлеуетті қатерлері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды. АФМ басшысы Дмитрий Малахов атап өткендей, жосықсыз азаматтар қайырымдылық іс-әрекеті мен «емдеуге» және «тұрмысы төмен адамдарға көмек көрсетуге» қолдау көрсету түрінде кедергісіз және бақылаусыз жинауды жүзеге асыратын жағдайлар бар.
«Қаскүнемдер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекер кеңселеріндегі мөлшерлемелерге және қымбат пәтерлерді шетелде жалға алуға жұмсайды. Қайырымды азаматтардың ізгі ниеті жалған адамдар үшін жеңіл табысқа айналуы мүмкін «, – делінген хабарламада.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде түн ортасында Өрт шықты

Алматыда автобус апатына қатысты сот отырысы онлайн өтіп жатыр

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН ТҰРҒЫНДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Пікір қалдырыңыз