Жаңалықтар Қоғам

«Оқушы қызды дозадан асып кеткендіктен жедел жәрдем алып кетті»: Алматы әкімдігі ақпаратқа жауап берді

Алматының білім басқармасы ес-түссіз жатқан оқушы қызға қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Әлеуметтік желіде сыныптастарына сілтеме жасай отырып, Алматы мектептерінің бірінің оқушысы әлдебір затты шамадан тыс қабылдау салдарынан есін жоғалтты деген ақпарат тарады.

Алматы қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушысы денесінің жалпы шаршауынан есінен танып қалған.

«Жасөспірімге келген жедел жәрдем барлық қажетті көмекті көрсетті», — деп хабарлады ведомстводан.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

«Ұлттық қор-балаларға»: қазақстандықтар қанша ақша алып үлгерді

Пікір қалдырыңыз