Жаңалықтар Қоғам

Кеше Алматыда митинг болды

Алматыда кеше 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйелдердің лайықты өмір сүруі үшін митинг өтті, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Махатма Ганди атындағы саябақта Халықаралық әйелдер күнін тойлауға орайластырылған «Әйелдердің лайықты өмірі үшін» тақырыбында митинг басталды. Рұқсат етілген митинг екі сағатқа созылады деп күтілуде.

Оқиға орнына барлығы 100-ге жуық адам жиналды, олардың арасында БАҚ өкілдері де болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі 7 наурызда митинг өткізу туралы өтінішті мақұлдаған болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Климатолог Жердің рекордтық температураға дейін қызуын болжады

Әйел сот арқылы Атырау әкімінің шешімін жоюға қол жеткізді

Синоптиктер Алматы, Шымкент және тағы 3 қала тұрғындарына ескерту жасады

Пікір қалдырыңыз