Жаңалықтар Қоғам Экономика

Қазақстан Қырғызстанға тағы мың тонна дизель отынын тасымалдады

Казахстан передал еще одну тысячу тонн дизельного топлива в качестве помощи Кыргызстану, передает корреспондент Aspan.info

«5 наурызда мемлекеттік материалдық резервтен жөнелтілген 1000 тонна көлеміндегі дизель отыны Қырғыз Республикасына ресми түрде жіберілді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Гуманитарлық көмек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Kazaid Қазақстан халықаралық даму агенттігінің көмегімен жеткізілгені хабарланды. Дизельдік отынның екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді. Тасымалдау Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асты.

29 ақпанда Қырғызстанға Бішкек ЖЭО-дағы апатты жоюға қолдау көрсету үшін Қазақстан Қырғызстанға дизельдік отын түріндегі екі мың тонна гуманитарлық жүк тасымалдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 ақпанға қараған түні Бішкек жылу электр орталығында апат болды — қазандықтардың бірі жарылған болатын. Қазандық жарылуы салдарынан бес адам зардап шекті, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Адамдар күйік жарақатын алған, екеуі ауыр халде. Тағы бір адам жану өнімдерінен уланған.

Related posts

Эрдоган: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен балалар мен әйелдер зиратына айналдырды»

ТҮРКІСТАНДЫҚ САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТУРИНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ!

«Қорқынышты апат, қуғындау және ату». Облыс полициясының басшылығы Степногорсктегі оқиға орнына барды

Leave a Comment