Жаңалықтар Қоғам

Төтенше жағдайлар министрінен астаналық өрт сөндірушіні марапаттау сұралды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен төрт айлық баланы өрттен аман алып қалған астаналық өрт сөндірушісін ерлігі үшін марапаттау сұралды, — деп хабарлайды Aspan.info.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 наурызда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен 1-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Мақсат Лесхан сәбиді алып шықты. Құтқарушының видеосын Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.

Астанада 2 наурыз күні сағат 18:38 шамасында Нәжмиденова көшесі, 39 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы пәтерде өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында қатты түтін пайда болған, өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өрт сөндірушілер 30 адамды аман алып қалды, оның 15-і балалар. Барлығы 38 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өртті сөндіруге астаналық төтенше жағдайлар департаментінен 29 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Өрт 19:29-да сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Related posts

Алматыдағы жер сілкінісі: қандай жағдайда мемлекет тұрғын үйді жөндеуді өтейді

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Сіздер аман қалдындар, бірақ менің күйеуім тірі емес»: Алматыда адам өліміне әкелген автобус апатына қатысты сот отырысы басталды.

Leave a Comment