Жаңалықтар Қоғам

«Уайымдамаңыз, мен де универден шығарылғанмын»: диспетчер жасөспірімді суицидтен құтқарды

Абай ауданында құтқару қызметінің диспетчері жасөспіріммен телефон арқылы сөйлесіп, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, — деп хабарлайды Aspan.info.

Наурыздың 3-і күні таңертең жасөспірімнің өзі 112-ге хабарласып, өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқан. Шақыруды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдап, полиция қызметкерлері келгенге дейін балаға әңгімелесу барысында жедел психологиялық көмек көрсетті.

Оның жасөспіріммен сөйлескен видеосын Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады. Бала оқудағы қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келген көрінеді.

«Уайымдама. Оқу ең бастысы емес. Мен де оқудан шығарылдым, басқа мамандыққа түстім. Бұл проблема емес. Бұл туралы білесің бе? Мен шаштаразға бірінші рет кірдім. Сосын маған айтты. Ешқандай қабілетім жоқ, оқудан шығарылдым», — деп Айжан Қаленова жеткіншекті сендірді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әңгіме көмектесіп, баланы қайтымсыз әрекеттен тайдырған.

Еске салайық, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламасының мәліметтері бойынша, Қазақстанда 10 мен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің қатарында жазатайым оқиғалар, уланулар, жарақаттар, көлік апаттары және суицид жатады.

Related posts

Америкалық газет Ердоғанның ықтимал мұрагерін атады

Қарасай ауданында 2023 жылдың жазында жоғалған адам бес метрлік септиктен табылды

Қазатомөнеркәсіп QAMS номинациясында жеңімпаз атанды

Leave a Comment