Жаңалықтар Қоғам

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам мен 18 жастағы қыздың өлі денесі табылды

Алматыда үстіміздегі жылдың қаңтар айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам мен 18 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, — деп хабарлайды Aspan.info.

2005 жылы туған Әмина Ерланқызы 12 қаңтарда жоғалып кеткен. Бойжеткен Алатау ауданы, Шаңырақ-2, Қаракемер көшесі, 135-үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

Бойы 165 сантиметр, арық денелі, қара, шашы ұзын, көзі қоңыр. Ол ақпан айында өлі табылды.

«Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1985 жылы туған Жапаров Кенгес 16 қаңтарға қараған түні жоғалып кеткен. Ер адам Талғар ауданы, Нұра ауылы, Досмұхаметов көшесі, 10-үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

29 ақпанда жоғалған азаматтың қайтыс болғаны белгілі болды. Әзірге ер адамның өлімі туралы толық мәлімет берілген жоқ.

Related posts

Қате төленген салықты қалай қайтаруға болады

Атырауда жағымсыз иістің себебін мамандар анықтады

Қазақстан бойынша 58 миллион тонна радиоактивті қалдықтар шашылды — депутат

Leave a Comment