aspan Жаңалықтар Қоғам

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрайымы Валентина Роговаға рейдерлік жолмен 170 миллион долларлық бизнесті басып алды деп айып тағылды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

28 ақпанда Астанада Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихаты өтіп, қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Бимурзин журналистерге 2003 жылы экс-президенттің қызы өзінің ықпалын пайдаланып, құны 170 миллион АҚШ доллары болатын (2003 жылғы мәліметтер бойынша)  бизнесін, жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю станциясын тартып алғанын айтты.

Нұрлан Бимурзин өз мәлімдемесінде 20 жыл бұрынғы оқиғаға да қатысы бар Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасының әйелін де атайды.

«ТПК Азия» ЖШС қожайыны Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға жолдаған арызында зардап шеккен тарап бірінші президенттің қызы мен Конституциялық кеңестің экс-төрағасының әйелін жауапкершілікке тартуды сұрайтынын айтты.

Related posts

ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жоғарғы сотта Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасалды

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІ

Leave a Comment