aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҮЛКЕН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

Қаламызда елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Әсіресе, тұрғындар мен балалардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдайлар қарастырылып келеді. Мәселен, Қаратау ауданында қазіргі таңда 7 ашық спорт алаңшасы, атап айтқанда, Тұран шағын ауданында – 2, Нұртас шағынауданында – 2 спорт алаңша, Таскен тұрғын алабы, Өтеміс тұрғын алабы және Шапырашты тұрғын алабында 1 спорт алаңша жуырда тұрғындардың игілігіне берілетін болады.

Аталған спорт алаңшаларда демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға да мүмкіндік бар. Жаттығуға арналған Workout элементтері спортпен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.

Ал Әл Фараби ауданында биыл 39 аулаға балалар алаңшасы салынып, қажетті спорттық құрылғылармен қамтылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты Сәуле шағынауданында 2 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға беру жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданында өткен жылы 32 жоба тұрғындар тарапынан ұсынылып, 5 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, жеке секторда 27 кешенді спорт және балалар ойын алаңшалары құрылған болатын. Биылғы жоспарда 2 көпқабатты үй ауласы және 16 кешенді спорт және жеке секторда балалар ойын алаңшаларын құруға қажетті қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталуда.

Атап өтетін жайт, орнатылатын спорт және ойын элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорында өндірілген отандық өнімдер.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнабайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті.

Алматыдағы Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді

Шымкенттік оқушы жаңа сейсмотұрақтылық​ құрылғысын ойлап тапты

Пікір қалдырыңыз