aspan

61 РЕТ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛҒАН МИЛЛИОНЕР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Оны Астана полициясы ұстады. 27 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзып келген. Жыл басынан бері оған 61 рет әкімшілік жауапкершілік жүктелген. Оның 59-ы жылдамдықты асырғаны үшін. Ең қауіпті жағдайлардың бірі Әл-Фараби көшесінде тіркелген.

Мәліметке сәйкес, жас миллионер жаяу жүргіншілер өткелінен сағатына 133 шақырым жылдамдықпен қызылға өтіп кеткен. Бұған дейін 90 шақырым рұқсат етілген жерде сағатына 216 шақырым жылдамдықпен жүрген.

Жүргізуші ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Құқық бұзушы танымал мобильді ойын жасаушысы және долларлық миллионер Роман Линейцев болып шықты. Ол “Grand Mobile” атты танымал ойынды жасаған. Сонымен қатар Forbes журналының «30 жасқа дейінгі 30 үздік» тізіміне енген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰҚК ШҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҰСТАЛҒАНЫН РАСТАДЫ

Aspan info

ТӘРБИЕ – ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТІРЕГІ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ТАҚ МҰРАГЕРІ МҰХАММЕД БЕН САЛМАН ӘЛ САУДПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз