aspan

ТОҚАЕВ ВЬЕТНАМ КОМПАРТИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.
Сонымен қатар, ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ӘНШІ ГҮЛНҰР СИҚЫМБАЕВАНЫҢ ҰЛЫ ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ

Aspan info

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТТІК КАБИНЕТТЕ МАС КҮЙДЕ БОЛҒАН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз