aspan

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Шолаққорған ауылында өндірістік бағыттағы жаңа тігін цехы пайдалануға берілді. Мұнда жабдықтауға арналған киімдер, тұрмыстық қолғаптар, шұлықтар мен жұмысқа арналған аяқ киімдер өндіріледі.

Возможно, это изображение утюг и текст

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, жобаның аудан экономикасын әртараптандырудағы және жаңа жұмыс орындарын ашудағы маңыздылығына тоқталды.
– Кәсіпкерлік қаншалықты дамыса, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы да соншалықты нығая түседі. Бұл бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканы нығайтудың басты тетігі екенін ерекше атап келеді. Біздің мақсатымыз – ауданымызды дамыған өндірісімен қоса, кәсіпкерлігі өркендеген, тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылған қуатты өңірге айналдыру, – деді аудан басшысы.
Жобаның бастамашысы – Созақ груп ЖШС. Серіктестік төрағасы Абылай Октябров алдағы жоспарларымен бөлісіп, кәсіпорынның жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беретінін атап өтті.
Возможно, это изображение утюг и больница
Ауданның Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков жаңа өндіріс ошағына ақ батасын берді.
Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Қонақтарға алғашқы өнімдер – тұрмыстық қолғаптар, арнайы киімдер мен жұмыс аяқ киімдері таныстырылды. Бүгінде өндіріс қарқынды түрде басталып, тігін шеберлері өз жұмыстарын жүйелі түрде қолға алған.
Жобаның жалпы құны – 250 млн теңге. Қаржыландыру көзі – жеке қаражат. Кәсіпорын жылына 876 000 дана тұрмыстық қолғап, 25 000 дана арнайы киім, 25 000 дана шұлық, 10 000 дана арнайы жұмыс аяқ киімі және 5 000 дана арнайы жамылғы шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ЗНАЧИТЕЛЬНЫЙ ПРОГРЕСС В ОБЕСПЕЧЕНИИ ГОРОДА ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ, ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ И УЛИЧНЫМ ОСВЕЩЕНИЕМ

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА

Пікір қалдырыңыз