aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

Атырау қаласында 20-29 наурыз күндері жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас ойыншылар бақ сынаған додада Түркістан облысының спортшылары да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында тоғызқұмалықтың рапид түрінен Нұрсая Ұстазхан қарсыластарынан оқ бойы озып, ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бағдарламасында Айару Қалдыбекова күміс жүлдеге ие болса, осы жас санатындағы классика түрінде Азеля Әбдірали қола медальді қанжығасына байлады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Aspan info

ТАРИХ ҚАЙТАЛАНДЫ: БҰЛ ЖОЛЫ – АЛТЫН ЖҮЛДЕМЕН!

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз