aspan

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында табиғи газдандыру жұмыстары толық аяқталып, аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылды. Өткен аптаның соңында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекені соңғы болып табиғи газ жүйесіне қосылды. Осылайша аудандағы 68 елді мекеннің барлығына газ жеткізіліп, көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба өз мәресіне жетті.

Нет описания фото.
▪️Аталған қуанышты сәтке орай Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Т.Жайлыбаев елді мекеніне арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аудан аумағында табиғи газбен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып, бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
📌– Бүгінгі күн – Мақтаарал ауданы үшін ерекше тарихи сәт. Аудандағы барлық елді мекендерді табиғи газбен қамту міндеті толық орындалды. Бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Табиғи газ тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етеді, – деді аудан басшысы.
Возможно, это изображение кухонная вытяжка
▪️Аталған шара барысында табиғи газ желісін тартуға жауапты мекеме басшылары мен мердігер ұйым өкілдері де сөз алып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Олардың айтуынша, жоба аясында елді мекендерге газ құбырларын тарту жұмыстары жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүргізілген. Нәтижесінде аудан тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алып отыр.
▪️Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да қуаныштарын жасырмай, елді мекенге табиғи газ жеткізуге атсалысқан барлық азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Олар газдың келуі ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысын едәуір жеңілдетіп, қысқы маусымда отын дайындау мәселесін шешуге үлкен көмек болатынын айтты.
▪️Айта кетейік, соңғы жылдары Мақтаарал ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізіліп, бүгінгі таңда аудан толықтай көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП, СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУДЕ

ПАВЛОДАРДА 3 ЖАСАР ҚЫЗ КӨЗІНЕ ҚАЙШЫ ТЫҒЫП АЛҒАН

Aspan info

ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ӨТКЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пікір қалдырыңыз