aspan

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ ӨТТІ

20–21 қаңтар күндері Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Федерация кубогы өтті. Аталған жарысқа қаладағы жетекші спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысатын Шымкент қаласының құрама командасының құрамы бекітілді.
Атап айтқанда, спортшылар МС (спорт шебері), КМС (спорт шеберіне кандидат) бағдарламалары бойынша 2–8 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына, сондай-ақ 1-разряд бағдарламасы бойынша 17–22 ақпан күндері Өскемен қаласында ұйымдастырылатын ел чемпионатына қатысады.
Аталған жарыстарда шымкенттік гимнастшылар қаланың және өңірдің намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетуге ниетті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ның мереке күндеріндегі жұмыс кестесі

СҚО-ДА ОЛЬШАНКА АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҒЫП, ҮЙДЕ АНАСЫ ҚАМАП КЕТКЕН 5 ЖАСАР ҚЫЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

Aspan info

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз