aspan

ШЫМКЕНТТЕ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында көп балалы аналар салтанатты түрде марапатталды. Мегаполистегі 300-ден астам ана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапатқа ие болды.
Ел болашағына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарға құрмет көрсетіліп, 101 ана «Алтын алқамен» марапатталды, 200 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табыстылды.
Жауапты мамандар ұрпақ тәрбиелеп, елдің демографиялық өсіміне зор үлес қосып жүрген аналарға ізгі тілектерін арнады, асыл жандардың әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте 39 мыңнан астам көп балалы ана тұрады. Олардың ішінде 4 мыңға жуық ана «Алтын алқа» иегері болса, 12 мыңға жуық ана «Күміс алқа» тағынған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАСАТО КАНДАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДА РЕФЕРЕНДУМДА 9 МИЛЛИОННАН АСА АДАМ ДАУЫС БЕРГЕН

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ 2 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз