Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Жаңа қызмет мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне қатысты шағымдарды қарайды. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметкерді сотта қорғаумен де айналысады.
Мемлекеттік қызмет саласында енгізілетін өзге де өзгерістер:
есірткі қолдану фактісін анықтауға арналған медициналық тексерулерге қойылатын талаптар белгіленеді;
мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына шектеу енгізіледі;
жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу қарастырылады;
артық жұмыс уақыты, демалыс және мереке күндері атқарылған жұмыс үшін өтемақы төлеуге кепілдік белгіленеді;
жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс;
жүкті әйелдердің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың бірінің өтініші бойынша, ауру отбасы мүшесіне күтім жасайтын мемлекеттік қызметкерге толық емес жұмыс күні белгіленуі мүмкін;
басқа қалаға қызмет бабымен ауыстырылған мемлекеттік қызметкерлердің балалары балабақшаға кезектен тыс қабылданады;
мемлекеттік қызметке кіруге дайындық институты енгізіледі.
